Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы заңға түзету енгізуді Мәжіліске жіберді

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы заңға түзетулер енгізуді Парламент Мәжілісінің қарауына жіберді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобаларын енгізді, — делінген Ақорданың ақпараттық хабарламасында.

Заң жобалары Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыруға, сот жүйесін жаңғыртуға, сот кадрларын жаңартуға және Жоғары сот кеңесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған түзетулерді қамтиды.