Астана полициясы ұрлыққа қарсы буклеттерге байқау жариялады

Астананың полиция департаменті 21 қарашадан 11 желтоқсанға дейін  «Ұрлыққа — тосқауыл» акциясын өткізеді. Акция шеңберінде ұрлықты болдырмау туралы үздік буклетке байқау жариялады. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акция аясында біз полиция департаментімен ағартушылық лекцияларын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Бізге институт, университет, мектеп, колледждерге барудың кестесін береді. Біз барлық балалар мен қатысушыларға ұрлық жайында және оны болдырмау шаралары мен қауіпсіздік ережелері туралы айтып береміз. Біз олардың құқық туралы білімін кеңейте түсеміз деген ойдамын, — деді Астананың полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Айтбаев.

Полиция департаменті бөтеннің мүлкін ұрлауды болдырмау бойынша үздік буклетке байқау жариялады. Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді: оқу орындарында; балалар мен жасөспірімдер арасында; пәтер ұрлығы; қалта ұрлығы; автокөлік салонының ұрлығы. Байқауға мектеп, лицей, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар қатыса алады. Бір білім ұйымынан байқауға ең көп дегенде үш жұмыс қабылданады.

Мұндай акцияны бірінші рет өткізгелі отырмыз. Мақсатымыз – мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында оқитын жастарға ұрлыққа қарсы әрекетті насихаттау, өскелең ұрпақты қауіпсіздік негіздері мен құқықтық мәдениетке тәрбиелеу. Біз оқушылар мен студенттерді ұрлықты болдырмау бойынша буклеттер мен эскиз әзірлеуге тарту арқылы, жастарды заңға бағынатын мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті сезінуіне себепші боламыз, — дейді Жанболат Айтбаев.

Буклет пен эскиздер 22 қараша — 9 желтоқсан аралығында қабылданады.