Наурызбай ауданының полициясы бір жылдық жұмысын қорытындылады

2015 жылы 16 наурызда Үкімет қаулысымен, сонымен қатар Ішкі істер министрлігі және Алматы ішкі істер департаментінің бұйрығымен Наурызбай ауданының ішкі істер басқармасы құрылды. Мұнда 214 қызметкер жұмыс істейді. Бастапқыда жаңа ғимарат болмағандықтан бөлімше қызметкерлері Алматы облысы Каменка полиция бөлімінің ғимаратында жұмыс істеді.

«Шыны керек, жұмыс істеуге ешқандай жағдай болмады. Кей қызметкер уақытша жұмыс кабинетіне айналған көлікжайға орналасты. Жаңа ғимаратқа ауысқаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Жыл басынан бері сотқа дейінгі тергеуге 1 123 өтініш пен құқықбұзушылық туралы хабарлама тіркелді. Қылмыстың 51%-ы ашылды, 4 359 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушылықтың басым бөлігі аудандық полиция инспекторларының күшімен анықталады. Жыл басынан бері 147 қылмыс ашылды. Ауданда полицияның тоғыз негізгі пункті бар», — деді Наурызбай ауданының ІІД басшысы Дінмұхамед Әуелхан.

Қала әкімдігі ІІД жұмысын бастағанға дейін олардың материалдық-техникалық жабдықталуын 100%-ға қамтамасыз етті. Қазіргі таңда аудандық ІІД жеке құрамының соңғы технологиямен жабдықталған криминалистік зертханасы, заманауи атыс қаруы, қызмет иттеріне арналған вольер, жаттығу залы, мәжіліс залы, қызмет көліктеріне арналған қораптар және автокөлік жуу орны бар. Жуырда спорт алаңы мен кедергі алабының құрылысы басталады.

«Наурызбай ауданының ІІД әкімшілік аумағына 10 елді мекен, 113 бау-бақша шаруашылығы, төрт ірі базар, екі коттедж қалашығы және төрт тұрғын үй кешені кіреді. Ауданда 315 көше мен 654 көше қиылысы бар. Мұнда 1 962 бейнебақылау камерасын орнату жоспарда бар. Қазіргі уақытта 311 көше мен көше қиылыстарында 911 бақылау жүйесі орнатылған. Ауданымызда 170 мың адам ресми тіркелген», — деді подполковник Дінмұхамед Әуелхан.

ДереккөзZakon.kz