Астананың зиялы қауымы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
22 қараша күні Ұлттық кітапханада Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен Президент мақаласын талқылау жөніндегі отырыс өтті. Оған көрнекті қоғам және саясат қайраткерлері, ғалымдар, шығармашылық интеллигенция мен жастар ұйымдарының өкілдері және азаматтық белсенділер қатысты.
Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының республика астанасының қалыптасуы мен дамуындағы ролі туралы айтты.
Ел астанасы ауысқаннан кейін бір жылдан соң-ақ қала ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» жүлдесіне ие болды және бүгінде өзінің 20 жылдығын атап өтіп жатқан Астананың әлемнің ең озық қалаларының қатарына енуге толық негізі бар. Осы жылдар ішінде ел астанасы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуындағы барлық негізгі көрсеткішінің тұрақты өсіп отырғанын байқатып келеді. 20 жылдыққа Астана әлемге әйгілі әдемі де қазіргі заманғы мегаполис әрі планеталық ауқымда мойындалған маңызды диалог алаңы ретінде жетті, — деді Бақыт Сұлтанов.
Астана әкімі еліміздің бас қаласының қазіргі тарихымен бірге әр азамат қастерлеп сақтауы тиіс бай кешегісі бар екенін айтты. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, «мейлінше жас» екеніне қарамастан Астана — Ұлы Жібек жолы дәстүрінің жарқын жалғасы, себебі қала «өткенді, қазіргі мен ертеңгіні біріктірген тарихи аймақта іргеленді, дәл осы жерде орта ғасырларда Бозоқ орналасқан еді.»
Қаланың негізгі осінде болған Бозоқ елорданың киелі нысандарының арасында ерекше орын алады, сондықтан біз оның тарихи мәнінің дәріптелуіне ерекше назар аударамыз, — деді Бақыт Сұлтанов.
Астана басшысының айтуынша, Бозоқты халықаралық деңгейдегі мәдени-туристік әрі ғылыми орталыққа және Еуразия даласының археологиялық-этнографиялық жәдігерлерін зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасына айналдыру үшін әкімдік Мәдениет және спорт министрлігімен бірге тарихи-мәдени кешен жасауды 2020 жылға дейін аяқтағалы отыр.
Біз сонымен бірге Бозоқ қалашығының толықтырылған виртуал шындық элементтері бар 3D-моделі мен орта ғасырларда Орталық Қазақстанда тіршілік еткен халықтың мәдениетіне тиесілі археологиялық олжалар сериясын жасау жобасын іске асыруды бастағалы отырмыз, ол ниет білдірген әр адамның орта ғасырлардағы тарихи мұрамен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік бермек, — деді Бақыт Сұлтанов.
Әкімнің пікірінше, бүгінде Астана — тәуелсіз Қазақстанның символы ғана емес, сонымен бірге Мемлекет басшысының «Мәңгілік ел» іргелі идеясының негізі де.
Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының тарихи ерік-жігеріне қарап, оны қазіргі заман тарихындағы еліміздің тәуелсіздігіне негіз болған қазақстандық бірегейліктің «Негізін салушы түп атасы» деуге болады. Әлемдік қауымдастықтың Астананы тануы — оның саяси кемеңгерлігі мен тарихи миссиясының жарқын дәлелі, — деді Астана әкімі.