Басты бетЖаңалықтарАстананың белсенді...

Астананың белсенді жастары Жастар жылының жол картасын талқылады

Астана әкімдігінің қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин мен  Қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы комитетінің басшысы Асхат Оралов Astana Hub алаңында жастар ұйымының көшбасшыларымен кездесті.

Комитет басшысы Асхат Оралов Жастар жылының маңызды екенін айтып өтті. Қазіргі таңда әрбір санаттағы жастар бойынша нақты индикаторы бар жол картасы әзірленіп жатыр. Аталған құжат мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда кешенді қадамдарды қалыптастыруға бағытталған.

Спикерлер жастар саясаты саласында мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға белсенді түрде қатысуға жиналғандардың барлығын шақырды.

Данияр Есиннің айтуынша, Астанада кәсіпкерлікті дамыту және қоғамға әлеуметтенуді дамыту, оқыту бойынша көптеген бағдарламалардың барын айтты. Олардың әрқайсысы өз әлеуетін сәтті түрде іске асыруға, мемлекетке пайда әкелу үшін жасалған.

Спикерлердің пікірінше, Жастар жылы — барлық базалық принциптерге сәйкес, ашық қоғамның  құрылысына өз үлесін қосу мақсатында қажетті шараларды қабылдау үшін жақсы мүмкіндік.

Жастар ұйымының лидерлері Жастар жылын өткізу бойынша бірнеше нақты идеясын айтып, жас ұрпақтың әлеуметтік мәселесін шешуге қатысты шаралар ұсынды.

Еске салайық, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 5 қазанда халыққа арнаған Жолдауында айтқан еді. Таяуда Мемлекет басшысы Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды.