Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билеттер түгел сатылды

Димаш Құдайбергеннің Ұлыбританиядағы концерті бойынша аншлаг жарияланды. Лондон тұрғындары билеттердің басым бөлігін сатып алып қойған. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Министр Астанада Димаш Құдайбергенмен кездесті. Арыстанбек Мұхамедиұлы әншіні таяуда Мәскеуде сәтте өнер көрсетуімен құттықтады.

Бүкіл әлем бойынша үлкен тур болады, бүгінге дейін бірнеше концерт өтті. Лондон — әлемдік мәдениеттің ірі орталығы. Жеке концерт беру үшін ерлік керек. Лондондағы концерт залында 2 000 орын бар. Жанкүйерлерге арналған бөлек орын жасадық. Барлығы 4 600 орын бар. Барлық билет сатылып қойды, — деді Мәдениет және спорт министрі.

Арыстанбек Мұхамедиұлының мәліметінше, өкінішке қарай, концертте қазақстандықтар 3-4% ғана болады. Әншінің әкесі Қанат Айтбаев концертте түрлі тілде ән орындалатынын айтты.

Димаш Құдайберген концертте кезінде Денис Тенмен бірге орындамақ болған әнін жалғыз шырқауға мәжбүр екенін айтты.

Біз Дениспен бірге үлкен сахнада өнер көрсетеміз деп келістік. Бейжіңде не тағы басқа да жерлерде бір әнді орындайтын болғанбыз. Енді, міне, бұл әнді өзім жалғыз орындамақшымын, — деді Димаш Құдайберген Мәдениет және спорт министрімен кездесуде.

Еске салайық, 19 қараша күні Лондонда Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке концерті өтеді. Сатылған билеттерден түскен барлық қаражат Қазақстан жастарының халықаралық байқаулар мен концерттерге қатысуына қолдау көрсетуге жұмсалады.

ДереккөзTengrinews.kz