Нұрлан Ермекбаев пен Сергей Шойгу 2019 жылдың ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Қазақстанның Қорғаныс министрі Ресей қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің, қорғаныс министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысын өткізу шеңберінде ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысы армия генералы Сергей Шойгудың кездесуі өтті.

Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі және перспективалық бағыттары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2019-2021 жылдарға арналған әскери салада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасына, сонымен қатар екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2019 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.