Сағынтаев
Фото: Primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ресейдің “Росатом” атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында корпорациямен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, уран өндіру және байыту, жел энергетикасы, атом саласының техникалық базасын жаңарту және түрлі инновациялық өнім өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

“Қазатомөнеркәсіп” пен “Росатом” арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығының кешенді бағдарламасы аясында өзара іс-қимыл жүзеге асырылып жатыр. Бұдан өзге, “Росатоммен” “Үлбі металлургия зауыты” АҚ жұмысы және Қазақстан аумағында атом электр станциясы нысандары бойынша бірлескен шараларды атқару аясында ынтымақтастық бар.

“Росатом” корпорациясы 2007 жылдың желтоқсанында құрылған, ол Ресей Федерациясының жетекші көпбейінді өнеркәсіптік холдингтерінің қатарына кіреді. “Росатом” стратегиясы жел энергетикасын қоса алғанда, таза энергия шығару жобаларын дамытуды көздейді.
Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!