Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде министр Президентке Қарулы Күштердің қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамытудың басым бағыттары туралы баяндады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметі туралы да айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Ермекбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.