Денис Тенге арналған ескерткіш тақтаның ашылуына Татьяна Тарасова келеді

Алматыда Денис Тен туып-өскен үйге мемориалдық тақта орнатылады. Бұл шара үшін Қазақстанға тұңғыш рет КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО халықаралық дәрежедегі спорт шебері Татьяна Тарасова келеді.

Алматы ақпараттық-спорттық хабының хабарлауынша, ескерткіш тақта Назарбаев көшесі, 46-үйде қараша күні сағат 11.00-де ашылады. Бұл күні Halyk Arena-да «Денис Тен қорының» ашылғаны ресми түрде таныстырылады.

Шараға Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері Татьяна Анатольевна Тарасова арнайы қатысады.

Татьяна Тарасова мен Денис Тен
Татьяна Тарасова мен Денис Тен. Фото: Тengrinews.kz

Денис Тен 19 шілде күні автоұрылардың қолынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болды. Бұл оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Спортшының өліміне қатысы бар күдіктілер – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.