Басты бетЖаңалықтарҚоғам қайраткерлері...

Қоғам қайраткерлері «Көкжайлау» жобасына қатысты пікір білдірді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді «өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинаушылар» деп сынады.

Менің ойымша, «Көкжайлау» жобасына қарсы жандар жеңіл жол ізеп, өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинап жүр. Бізге біреу емес, осындай бірнеше жоба қажет. Альпіге жақын орналасқан Еуропа елдері тау шаңғысы туризмінен жақсы табысқа қол жеткізіп отыр. Біздің тауларымыз қандай керемет, біз табиғаттың бар байлығын барынша ұтымды пайдалануымыз қажет, — деді Жүрсін Ерман.

«Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратов «Көкжайлау» қазақстандықтар үшін Австрия мен Франция қысқы курорттарын алмастыра алатынын айтты.

Жекелеген қазақстандықтардың Еуропада, Франция мен Австрияда шаңғы тебуге жағдайы келмейді. Салынғалы жатқан «Көкжайлау» қоршаған ортаға зиянын тигізетін зауыт емес, курорт қой, — деді Дәурен Бабамұратов.

Еске салайық, жуырда Алматыда «Көкжайлау» курорты құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Жиында тау шаңғысы курорты құрылысын жақтаушылар мен жобаға наразылық білдірушілер өзара пікір алмасты.