«Көкжайлау» курортына арналған ең үздік смарт-жобалар анықталды

Демалыс орны өкілдерінен, Almaty Travel Lab және VisitAlmaty орталықтарының жетекшілерінен құралған қазылар алқасы үздік жобаларды іріктеді. Хакатонға қатысушылардың әрқайсысы енді өз жобасын VisitAlmaty орталығымен бірге іске асыра алады. Байқаудың бас жүлдесі — Сингапурға жолдама, ол трэвел-индустрия саласындағы қазіргі заманғы смарт-технологияларды зерттеу үшін беріледі.

Дәл осы негізгі сыйлықты хакатонда жеңімпаз деп танылған Smart Kokjailau экологиялық жобасы иеленді. Жоба авторы — Geek Parthners компаниясы. Екінші және үшінші орындарға қауіпсіздік саласындағы SAGE жобасы мен Journey виртуал дүние гиді ие болды. Ұйымдастырушылар бұл жобаларды курорттың онлайн алаңында қоғамның талқысына салады.

Қазіргі заманғы технологиялар мен смарt-шешімдер ортасында өмір сүріп жатқан жас кәсіпкерлер мен ғалымдарды, стартапшыларды шынайы өміріміздегі ірі инфрақұрылым жобаларының жұмысына тарту тап бүгін ерекше маңызды болып отыр. Өнім жасау процесіне олардың идеясы мен көзқарасын, пікірін қосу — келешекте дәстүрге айналуға тиіс үрдіс. Осындай әдіс қана жобаның ұзақ жыл бойы тұрақты әрі бәсекеге сай дамуына кепіл бола алады», — деді Almaty Travel Lab жетекшісі Рашид Дүйсембаев.

Kokjailau Challenge көтерген маңызды тақырыптардың бірі — тау курорты аумағында ауа сапасы мен жалпы қоршаған орта жағдайын онлайн режимде бақылауға, ресурстарды тиімді пайдалануға және демалушылардың экологиялық білімін арттыруға мүмкіндік беретін смарт-сервистер жасау. Жас ғалымдар мен кәсіпкерлерден тұратын 26 команда алуан түрлі «ақылды» шешім ұсынды, жобалардың арасында құтқарушыларға арналған электронды құрал-жабдықтан бастап, SmartGEО негізіндегі онлайн ойындарға, туризм ұсыныстарына толы инновациялық бандлдардан бастап, курорт шеңберінде білім беру бастамаларына дейін бар.

Біз курорт жасаушы және оның қалай болатынына жауапты компания ретінде жобаға туризм, экология, құрылыс, демалыс және басқа да салалардағы сарапшылар тобының жас, талантты, мәселені конструктив шешуге бейім күштерді тартуға мүдделіміз. Біз идеялар мен инновацияларға ашықпыз, сондықтан талантты жастардың жобаға үлес қосуына мүмкіндік бердік және бүгін ұсынысы тыңдалған барлық адаммен ынтымақтастық орнатамыз. Мұндай смарt-алаңдардағы креатив жұмысты біз келешекте де қолдаймыз, өйткені бұл миллениал ұрпақтың курорттан не күтетінін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды инструмент қой», — дейді қазылар алқасының төрағасы, Almaty Mountain Resorts Наиль Нуров.

Қорытындыланып отырған Kokjailau Challenge хакатоны — Almaty Travel Lab сериясындағы хакатондардың бесіншісі және бес бөлімді басқосудың ішіндегі туризм әлеуетін цифрлық инструменттер арқылы дамытуға арналғаны. Жоба жасаушылар басқосуы Алматының VisitAlmaty ресми туристік ақпарат орталығының, «Арман аймағы» қоғамдық қорының және қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қолдауымен өткізіледі.