Жауын-шашын мен бұрқасын: 5 қараша күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 5 қараша күні Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтты аймақта орналасады да, ауа райы құбылмалы болады, жауын жауады, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.