Басты бетЖаңалықтарАқпараттық-түсіндіру тобы...

Ақпараттық-түсіндіру тобы алматылықтарға дін туралы түсінік берді

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматының мектептерінде, жоғарғы білім орындарында, намазханаларда және сауда орындарында дін туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шараны Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.

Онда ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының бас сарапшысы Қалкен Жахин, заңгер, «Нұр-Мубарак» Египет ислам университетінің магистранты Жандаулет Отарбайулы, «Әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау орталығы» ҚҚ атқарушы директоры, дінтанушы Толганай Мустафина, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының Ақпараттық-талдау бөлімнің басшысы Самат Қабылбеков және тағы басқа РАТТ мүшелері дәріс оқып, азаматтардың сұрағына жауап берді. 

Мамандар мемлекеттің діни саясатын және Қазақстан құндылықтары мен зайырлылық туралы өзге де өзекті мәселелер туралы ақпарат берді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобын ҚР Қоғамдық даму министрлігі мемлекетте діни экстремизмді болдырмауға және халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында құрған.

Барлық дәріскердің мақсаты бір, азаматтарды діни ғана емес құқықтық жағынан да сауаттандыру.

Зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес, ол – гуманистік құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан және діни сенім бостандығын жүзеге асыруды қолдайтын, дүниетанымдық еркіндікті, рухани саладағы ой-сананың көптүрлілігін мойындайтын, адамгершілік-өнегелілік және құқықтық құндылықтарға негізделген әмбебап жүйе. Сондықтан діни таным да зайырлы дүниетанымның бір бөлігі болып есептеледі, — дейді дінтанушылар.

Олардың айтуынша, зайырлы жүйеде діни білімге де, дінтанулық білімге де тыйым салынбайды.