Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Ішкі істер министрімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Ішкі істер министрімен кездесті

Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф. Фото: Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифтің зор үлес қосқанын атап өтті.

Сауд Арабиясы — ислам әлеміндегі біздің маңызды әрі сенімді серіктесіміз. Біз екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Сондықтан мен Сауд Арабиясының королі Салманды және Тақ мұрагерін Қазақстанға шақырдым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сауд Арабиясы корольдігінің Ішкі істер министрі кездесуге мүмкіндік алғаны үшін Мемлекет басшысына ризашылық білдіріп, Қазақстанға Сауд Арабиясының жоғары басшылығының тапсырмасы бойынша келгенін айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version