Басты бет Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияның жаңа президентіне табыс тіледі

Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияның жаңа президентіне табыс тіледі

Президент Жаир Болсонаруға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан жеделхат жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Nur.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін, — делінген жеделхатта.

28 қазан күні Бразилияда президент сайлауы өтті. Сайлауда саясаткер әрі отставкадағы әскери — 63 жастағы Жаир Болсонару сайлаушылар дауысының 55,13%-ын иеленіп, жеңіске жетті. Ол президент қызметіне 2019 жылдың алғашқы күнінен бастап кіріседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version