Басты бет Жаңалықтар Гүлшара Әбдіқалықова Президентке мерекелерді атап өту туралы баяндады

Гүлшара Әбдіқалықова Президентке мерекелерді атап өту туралы баяндады

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік хатшыға ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуді сапалы ұйымдастыру қажеттігі туралы айтты.

Фото: Аkorda.kz

Елбасы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Мемлекет хатшысы Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәлімдеп, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді атап өтуге дайындық барысы жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарын сапалы жүргізу қажет екенін айтты.

Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар және Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысы туралы да баяндады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version