Биыл «Бизнесті жүргізу 2019: Тренинг және реформалар» атты баяндамада Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарына енгізілді.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметінше, 2018 жылғы 31 қазандағы Дүниежүзілік банктің Doing Business-2019 рейтингі нәтижелеріне сәйкес, өзінің рейтингін былтырмен салыстырғанда 8 позицияға көтере отырып, Қазақстан 28-орынға орналасты.
Рейтингте Қазақстан Испания (30-орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерді басып озды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан көшбасшы атанды, рейтинг бойынша Россия (31), Беларусь (37), Армения (41) и Қырғызстан (70) төменірек орналасты.
Doing Business-2019 рейтингін Жаңа Зеландия басқарып тұр. Рейтингтегі көшбасшылар ондығына Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Грузия, Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания, Македония кірді.
Дүниежүзілік банк Қазақстанды 2017-2018 жылдары үштен аса бизнесті жүргізу жеңілдігі индикаторлары аясында реттеушілік реформалар жүргізген елдер қатарында атап өтті.
Көрсеткіштер бөлінісінде Қазақстанның позициясы мынадай:
Көрсеткіштер | DB 2018 | DB 2019 | Өзгеріс |
Кәсіпорын ашу | 41 | 36 | +5 |
Құрылысқа рұқсат алу | 52 | 35 | +17 |
Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу | 70 | 76 | -6 |
Меншікті тіркеу | 17 | 18 | -1 |
Несие алу | 77 | 60 | +17 |
Миноритарлық инвесторларды қорғау | 1 | 1 | |
Салық салу | 50 | 56 | -6 |
Халықаралық сауда | 123 | 102 | +21 |
Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету | 6 | 4 | +2 |
Төлем қабілетсіздігін шешу | 39 | 37 | +2 |
Жалпы Қазақстан 10 базалық индикатор бойынша бағаланды. 10 базалық индикатордың 6-ы бойынша Қазақстан позициясын жақсартты.
«Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан екінші қатарынан әлемдік көшбасшы болып танылды.
Қазақстан «Халықаралық сауда» (+21), «Несие алу» (+17), «Құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорын ашу» (+5), «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «Төлем қабілетсіздігін шешу» (+2) айтарлықтай өсім көрсетті.
Жалпы алғанда, Дүниежүзілік Банк Үкіметтің келесі бағыттағы реформаларын атап өтті:
«Кәсіпорын ашу» (1 реформа)
Қазақстан қосылған құн салығын тіркеуге қажетті уақытты қысқарта отрып, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетті.
«Халықаралық сауда» (2 реформа)
Қазақстан ИЖ АСТАНА-1 кедендік декларация электронды жүйесін енгізу арқылы және кедендік әкімшілік алымдарды қысқарту халықаралық сауда жүргізуді жеңілдетті.
«Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (2 реформа)
Қазақстан коммерциялық істердегі барлық деңгейде ұсынылған сот шешімдерін көпшілікке қолжетімді етіп, және жергілікті коммерциялық соттардың қызметінің тиімділігін бағалау туралы есепті жариялап, шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді жеңілдетті.
«Салық салу» (-6), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (-6) және «Меншікті тіркеу» (-1) индикаторлары бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.
«Меншікті тіркеу»
Қазақстан Doing Business-2018-бен салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,01 пунктке ұлғайтты, бұл ретте басқа параметрлер (рәсімдердің саны, уақыты, тіркеу құны) өзгеріске ұшыраған жоқ.
«Салық салу»
Қазақстан Doing Business-2018-бен салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,19 пунктке ұлғайтты. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк салық төлеуге кететін уақыттың, төлемдердің санының артуын атап өтті.
«Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу»
Қазақстан Doing Business-2018-бен салыстырғанда алдыңғы шектен қашықтығын 0,11 пунктке қысқартты. Бірақ Дүниежүзілік электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу құнының 4,3 пайыздық пунктке төмендегенін атап өтті.
Жүргізілген реформалар жөнінде
201-2018 жылдар аралығында Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту бойынша Қазақстанда бұрын-соңды болмаған түбегейлі реформаларды жүргізді.
Қазақстан қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсаттама жүйесін жетілдіру, бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша Үкіметтің жүйелі жұмысының нәтижесінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кірді.
Анықтама:
Қабылданған заңдар:
2014 жылғы 2 шілде мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері туралы;
2014 жылғы 29 желтоқсан Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайын жақсартудың түбегейлі шаралары туралы;
2014 жылғы 22 сәуір кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын шектеу туралы;
2016 жылғы 29 наурыздағы рұқсат қағаздарын қысқарту және рұқсат алу рәсімдерін жеңілдету сұрақтары бойынша;
2017 жылғы 27 ақпан азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту сұрақтары бойынша;
2018 жылғы 24 мамыр кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша.
Бизнесті дамыту үшін нақты жағдайды іс жүзінде жақсарту бағытталған жұмыс бүгінгі таңда қабылданған шаралармен шектелмейді, және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүйелі негізде жалғастырылады.
Қазіргі кезде ҚР заңнамасына Doing Business рейтингінің негізгі индикаторлары аясында жүйелі өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер енгізудің кезекті пакеті бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.