ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматының және Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деп күдіктеліп отыр, — делінген хабарламада.
Тергеу іс-шаралары басталды. Қазір ұсталған адамдардың терроризмге қаржылай және басқалай қолдау көрсетуге қатысы тексеріліп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары арасынан барлығы 180-нен астам адам тіркеуде тұрған.