Ерлан Сағадиев: Мектеп формасына қатысты дүрбелең туғызудың қажеті жоқ

«Мектеп директорлары мен ата-аналар комитетіне үлкен өтініш. Мектеп формасын сатып алуға қатысты дүрбелең туғызбаңыздар. Мектеп формалары ең болмаса оқу жылының алғашқы тоқсанына дейін сатып алынсын. Оқу жылы жақындағанда барып, қимылдай бастайтынымыз түсінікті ғой. Мектеп формасына қатысты анау айтқандай талаптар жоқ. Тек сіздерден өтінерім, осының барлығы уақытымен жасалсын», — деді ол.

Айта кетелік, ҚР Білім және ғылым министрі міндетті мектеп формасына қатысты талаптарды бекітті. Енді, талап бойынша мектеп формасы үш түсті араластыра отырып, бірыңғай стильде жасалуы тиіс.

ДереккөзҚазАқпарат