Басты бетЖаңалықтарБауыржан Байбек:...

Бауыржан Байбек: Бір автобустан екіншісіне тегін отыруды қарастыру керек

Алматыға тағы 200 жаңа автобус келді. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік реформасын жүзеге асыру аясында қаланың жолаушылар көлігін жаңарту одан әрі жалғасады. Бүгін әкім Бауыржан Байбек қалаға келген жаңа автобустарды көрді.

Сыйымдылығы үлкен жаңа автобустар №48 бағыт бойынша жүреді, сонымен қатар №12, 19, 56, 70, 77, 123, 124, 137 бағыттар күшейтіледі. Ертеңнен бастап №36, 51, 125 бағыттағы ескі газельдердің орнына жаңа автобустар қызмет көрсете бастайды, бұлар қозғалысы шектеулі жандар үшін қолайлы әрі тар көшелермен жүре алады. №40, 46,122 бағыттар да күшейтіледі.

Сонымен бірге №59, 69, 71 бағыттарды жылжымалы состав толық жаңарады. №8, 44, 74 бағыттар бойынша қосымша автобустар шығады. №205 бағыт бойынша жаңа магистральды қозғалыс ашылады, ол Райымбек даңғылы бойымен «Барлық» базарынан қаланың батыс жағын және «Жетісу» базарының шығыс жағын қамтиды. Бұл бағыт бойынша жолаушыларға жаңа 20 автобус қызмет көрсетеді.

Автобус Алматы
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы агломерациясы бойынша жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру үшін Қаскелеңге қатынайтын ұзындығы 12 метрлік автобустар жүретін жаңа бағыт ашу жоспарланып отыр.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазіргі кезде көлік саласында ашық нарықтық механизмдердің жұмыс істей бастағанын айтты. Жылжымалы составты жаңарту, арнайы жолақтар ашу арқасында жолаушылар ағыны артып отыр.

Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруге тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы — тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет, — деді мегаполис басшысы.

Алматыға жаңадан келген төмен еденді «ЛиАЗ» маркалы автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен жабдықталған және экологиялық сыныптағы Евро-5 стандартына сай. Жылжымалы состав дайын болғанына қарай кезең-кезеңмен бағыттарға шығады. Мегаполисте осы жылдың аяғына дейін жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға дейін жетеді.