Басты бетЖаңалықтар"Яндекс" Қазақстанда...

«Яндекс» Қазақстанда даму жөніндегі менеджерін тағайындады

«Яндекс» Қазақстанда даму жөніндегі аймақтық менеджерін тағайындады. Ол Темірлан Ахимов.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа менеджер «Яндекс» қызметтерінің Қазақстанға бейімделуі мен сапасына жауап береді. Ол серіктестермен де жұмыс істеп, маркетинг және брендті нарықта жылжытумен айналысады.

«Яндекске» дейін Темірлан Ахимов Tele2 халықаралық телекоммуникациялық компанияның қазақстандық бөлімшесінің цифрлық өнімдер басқармасын басқарып, «Кселл» компаниясының техникалық B2B-жобаларының және Dentsu Aegis Network компаниясының цифрлық дамыту бағытының жетекшісі болды. Бірнеше жыл Alma TV-де жұмыс істеп, кеңесшіден бастап IT-ди⁠ректорға дейін өсті. Алты жыл шамасында веб-жасаумен айналысты. АҚШ-тың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (Northwestern Polytechnic University, США) түлегі, бакалавр дипломы бар.

Ахимовтың алдында аймақтық менеджердің міндетін атқарушы Артём Борисов болды. Ол бұл қызметті «Яндекстің» Алматыдағы коммерциялық офисінің жетекшісі қызметімен қоса атқарды. Енді Артём барлық назарын «Яндекстің» Қазақстандағы коммерциялық даму стратегиясына аударады.

«Яндекс» Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. «Яндекс.Радар» талдамалы қызметінің деректері бойынша 2018 жылдың қыркүйек айында «Яндекстің» Қазақстандағы іздеу қызметінің үлесі 37% болды (тұрақты дербес компьютерлер мен ноутбуктарды алғанда). Іздеуден басқа «Яндекс» қазақстандықтарға түрлі ақпараттық-іздеу қызметін ұсынады: «Яндекс.Маркет», «Яндекс.Карталар», «Яндекс.Жаңалықтар», «Яндекс.Почта» және тағы да басқа қызметтер. Ал қазақстандық жарнама берушілерге «Яндекс.Ди⁠рект» және «Яндекстің» медиаалаңдарының барлық құралы қолжетімді.