«Яндекс» қазақстандықтардың қандай браузерді іздейтінін анықтады

Жылдам, оңай және функционал: «Яндекс» қазақстандықтарға қандай браузер керек екенін анықтады.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Яндекс» талдаушылары браузерлерге қатысты Қазақстаннан түскен іздеу тапсырыстарын зерттеп, пайдаланушыларда ең көп сұранысқа ие браузердің сипаттамасын анықтады. Ол үшін «ең» және «браузер» сөздері бар тапсырыстар негізге алынды.

Қазақстандық пайдаланушылар браузерлерде жылдамдықты аса жоғары бағалайды екен. Браузердің танымалдығы жағынан екінші сипаттамасы ол — «үздік». Шамасы, ол браузердің барлық жағынан үздік болғанын білдіреді.

Қазақстан пайдаланушыларының пікірінше браузердің топ-10 сипаттамасы:
1. Жылдам.
2. Үздік.
3. Тәуелсіз.
4. Қауіпсіз.
5. Үнемді.
6. Қарапайым.
7. Оңай.
8. Функционал.
9. Ыңғайлы.
10. Сенімді.

«Яндекс» Қазақстан пайдаланушылары браузерлер жайында қандай сұрақтарды жиі қоятынын да анықтады. Талдау жасау үшін («не», «қайда», «қашан» және тағы да басқа) сұраулы тіркестерімен бірге «браузер» сөзінен тұратын іздеу тапсырыстары есепке алынды.

Браузерлер жағынан қазақстандықтар үшін ең өзекті мәселе жарнама болып шықты. Пайдаланушылар «кэшті қалай тазалауға болады?», «тарихты қалпына келтіру» және «қандай браузер үздік?» деген сауалдарды жиі қояды.

Қазақстан пайдаланушылары браузерлер жайында жиі қойған топ-10 сұрақ:
1. [браузерден жарнаманы қалай алып тастауға болады];
2. [браузерде кэшті қалай тазалауға болады];
3. [қандай браузер үздік];
4. [браузерде тарихты қалай қалпына келтіруге болады];
5. [браузерді мәңгілікке қалай алып тастауға болады];
6. [браузерді қалай негізгі етуге болады];
7. [интернет жұмыс істеп тұрса, неге браузерде сайттар ашылмайды];
8. [браузерді басқаға қалай ауыстыруға болады];
9. [браузерде мемлекетті қалай ауыстыруға болады];
10. [браузерде сайтты қалай бұғаттауға болады];

Талдау қазақстандық пайдаланушылардың «Яндекстің» іздеу жүйесінде 2018 жылдың 1 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында жасалған тапсырыстары негізінде жасалды.