Басты бетЖаңалықтарАстанада жаза...

Астанада жаза өтеп шыққан 200-ден астам адам жұмысқа орналастырылды

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «Қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарын құру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарлама аясында 1254 адамға жан-жақты көмек көрсетілген. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобамен «Оңалту технологиялары мен тұжырымдамалар» қоғамдық қоры айналысып жүр.

Біздің қордың басты міндеті — жазасын өтеп келгендерге барынша қолдау білдіру. Осы жылы біз жазасын өтеп келген 230 адамға жұмысқа тұруға көмек бердік, 35 адамға жеке кәсіпкерлік ашуға көмектестік. Әрине, бұл жұмыстар жазасын өтеп келгендердің өмірге деген құлшысын оятады, ОЛАР өз істерін бастаған соң өзгелерге үлгі болады. Мұның сотталып келгендерді өмірге бейімдеуге және ОЛАРДЫҢ қылмыс  жасамауына септігін тигізері сөзсіз, — деді қоғамдық қордың ди⁠ректоры Орынбасар Құлжабаева.

Қоғамдық қор өтініш білдіре келген азаматтарды сауда және қызмет көрсету саласына жұмысқа орналастырып жатыр.

Біз оларды құрылыс, ағаш конструкциялары мен ұсталық, ағаш шебері, жиһаз цехтары, ТЖО және тағы басқа салаларға жұмысқа орналастыруға көмектесеміз. Осы жылы қор 1300 адамға көмек берді, оның ішінде 722 адамға психологиялық көмек жасалды, 29 адам ауруханаға жатқызылды, 30-дан астам сотталғанның құжаттарын реттеуге жәрдемдестік, — дейді Орынбасар Құлжабаева.

Қор қызметкерлері жазасын өтеп шыққандар үшін әлеуметтік жатақхана ашуды ұсынып отыр.

Кейде оларды жұмысқа алмайды, алса да, зейнетақы аудармайды. Олардың 50%-ы жеке кәсіпкерліктерде, серіктестіктерде  жалданып жұмыс істейді. Екінші мәселе — тұрғын үй. Ұзақ жыл жазасын өтеп шыққандар пәтерінен айырылады, босап шыққан соң мұрагерлікті рәсімдей алмай, тұрғын үйді жекешелендіре алмай  жүреді. Сөйтіп үйсіз, күйсіз қалады, — деді  қор ди⁠ректоры.