Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның әуе...

Қазақстанның әуе компаниялары биыл 13%-ға көп жолаушы тасымалдады

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында көлік компанияларының жалпы табысы 1,8 триллион теңгеден асты.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, оның ішінде 12,2%-ы немесе 224,8 миллиард теңгесі — әуе көлігі кәсіпорындарының табысы. Көрсеткіш былтырғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 18,1%-ға жоғары. Әуе компаниялары қаңтар-тамыз айларында 5,5 миллион жолаушы тасымалдады, бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ға көп.

Жолаушы тасымалында әуе компанияларының үлесі бір жылда 0,03%-дан 0,04%-ға өсті. Жалпы жүк тасымалында әуе көлігінің үлесі аса көп емес — 0,001% немесе 14,9 мың тонна, былтырғы қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда әуе компаниялары биыл тасымалдаған жүк 9%-ға көп.