Әуе билеттерінің бағасы 20%-ға арзандауы мүмкін

Aлдағы жылдары 14 кәсіпорынға цифрландыру элементтері енгізіле бастайды. Былтыр тұрғын үймен қамтамасыз ету рекордтық деңгейге жетіп, 101 мыңға жуық отбасы баспаналы болды. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызға ие 2 мыңға жуық шақырым автожол салынды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасады.

Министр Жеңіс Қасымбектің  айтуынша, билет құны әуе керосинінің бағасына тікелей байланысты.

«Әуе билетінің 30 пайызы – авиакеросиннің бағасы. Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары қайта жаңғыртудан өтіп жатқан кезде әуекеросинге тапшылық болған. Қазір оған қарағанда жағдай жақсы. Энергетка министрлігі ішкі сұранысты 58 пайыз қамтамасыз етеміз деп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 30-40 пайыз ғана болғанын айта кеткім келеді. Ал отынды шетелден алатын болсақ, ол билет құнына едәуір әсер етеді. Алдағы бір жарым жылда ішкі нарық толығымен өзімізде шығарылған әуекеросинмен қамтамасыз етіледі. Бұл әуебилетін 20 пайызға арзандатады деген болжам бар. Монополистерді болдырмау шараларын да қарастырып жатырмыз. Бүгінде бағыттарды әуе компаниялары әуежайлармен келісіп ашады», дейді Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Дереккөз24.kz