Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысына...

Түркістан облысына қосымша 12,8 миллиард теңге бөлінеді

ҚР Парламент Мәжілісінде 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік түзетулер таныстырылды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов Түркістан облысына және Түркістанға қосымша бөлінетін қаражат туралы айтып берді.

Бюджеттің шығыс бөлігі бірнеше жолмен, әсіресе, жалпы сомасы 155 миллиард теңге болатын шығыстарды қайта бөлу жолымен Мемлекет басшысының Шымкент пен Түркістанның әкімшілік мәртебесін өзгерту және осы қалаларды дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін өзгертілді, аталған мақсаттарға 29,7 миллиард теңге бөлу ұсынылып отыр, оның 15,1 миллиарды — бұрын Оңтүстік Қазақстан облысына қарастырылған жәрдемқаржы, — деді ол.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, өңірді дамытуға бағытталған мақсатты трансферттер шеңберінде қосымша қаржыландыру көлемі 12,8 миллиард теңге болады.

Соның ішінде 6,5 миллиард теңге Түркістанды дамытуға, 3,7 миллиард теңге Түркістан облысын дамытуға, 2,6 миллиард теңге Шымкентті дамытуға бөлінеді. Бұл шығыстардың шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты көріктендіру, жылу-энергетика және газ-көлік секторын дамыту жұмысы және білім беру және денсаулық сақтау нысандары құрылысы жалғасады, — деді Қаржы министрі.

Әлихан Смайылов Түркістанға орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін орналастыру мен олардың қызметін қамтамасыз етуге 1,7 миллиард теңге қарастырылғанын да айтты.

ДереккөзZakon.kz