Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия мен Бельгияға ресми сапармен барады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын ұсынды.

Қазақстан Президенті биылғы 16-17 қазанда Финляндия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сонымен бірге Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысуы жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің астанасы — Брюссельде өтетін «Азия-Еуропа» форумының (АСЕМ) 12-саммитіне қатысады.