ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстанның коммунистік халық партиясының (ҚКХП) «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Фракция жетекшісі Владислав Косаревтың бастамасымен күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде фракцияның жаңа басшысын тағайындау қаралды.
Владислав Косарев әріптестеріне өзін фракция жетекшісі міндетінен босатуды сұрады. Бірақ фракция мен ҚКХП ОК Саяси бюросының жұмысына бұрынғыдан да тығыз араласа беретінін айтты.
Ашық дауыс беру нәтижесінде «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі болып бірауыздан Айқын Қоңыров тағайындалды.
Владислав Косарев фракция құрамында өзінің депутаттық өкілеттігін атқара береді.