Астана мен Алматы ТМД-дағы ТОП-10 туристік қала қатарына енді

«ТурСтат» аналитикалық агенттігі ресейлік туристер үшін ТМД аумағындағы күзде саяхаттауға қолайлы ең танымал қалаларды атады.

Астана Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы күзгі саяхатқа ыңғайлы қалалардың алғашқы үштігіне енді. Минск, Астана, Баку, Ереван, Ташкент, Алматы, Бішкек, Кишинев, Душанбе және Ашхабад Ресей туристері көп баратын қалалардың алғашқы ондығынан табылды. «ТурСтаттың» мәліметінше, туристер Қазақстан астанасына орташа есеппен 2,5 күнге саяхаттап, тәулігіне 80$ жұмсайды екен. Рейтинг 2018 жылғы күз мезгіліндегі танымал туристік сапарларды талдау нәтижелеріне сәйкес жасалды.

Күзгі саяхатқа қолайлы ТМД-ның 10 үздік қаласы:

1. Минск (Беларусь)

2. Астана (Қазақстан)

3. Баку (Әзірбайжан)

4. Ереван (Армения)

5. Ташкент (Өзбекстан)

6. Алматы (Казақстан)

7. Бішкек (Кырғызстан)

8. Кишинев (Молдова)

9. Душанбе (Тәжікстан)

10. Ашхабад (Түрікменстан).

ДереккөзInform.kz