Астанада Еуразия қаламгерлерінің форумы өтеді

20 қыркүйек күні сағат 10.00-де Тәуелсіздік Сарайында форумның салтанатты ашылу рәсімі мен «Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер» мен «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс өтеді.

21 қыркүйек күні сағат 10.00 мен 13.00 аралығында «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде төрт секция бойынша: «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар өтеді.

Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сонымен қатар Ұлттық Академиялық кітапханада Қазақстан–Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.

Форум Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді және Астананың 20 жылдығына арналады.