Нұрсұлтан Назарбаев Анкарада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Ақорданың хабарлауынша, салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.
Кездесуде мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Түркияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті жергілікті іскер топтар өкілдерімен кездесіп, оларды Қазақстанға шақырған болатын. Қазақстанда инвестициялық жобаларды бірлесе атқаруға Түркияның үш ірі компаниясы мүдделі болып отыр.