7 қыркүйекте Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында дәріс өтті.
Шараны Алматы дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» ақпараттық-кеңес беру тобы ҚҚ ұйымдастырды.
Дәріске қатысқан колледждің 80 студентіне діни қатынастар саласындағы заңнама нормалары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттігі түсіндірілді. Оларға дінтану магистрі, PhD докторанты Мырзахмет Жузей, «Перспектива» АКТ ҚҚ психологы Румилям Мансұрова, жоба жетекшісі Евгения Бурова баяндама оқыды.
Шара барысында экстремизмге қарсы тұруға бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге байланысты мәселелер талқыланды.
Мамандар студенттерді қызықтырған діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қарым-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы сұрақтаға жауап берді. Шараға қатысқандарға қазақ және орыс тіліндегі брошюралар таратылды.