Қазақстандық жемқорлардан тәркіленген мүліктердің тізімі жарияланды

Тәркіленген мүліктер туралы мәлімет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының алқасында айтылды. Ұлттық бюроның басшысы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, ведомствоның негізгі міндеттері -мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы жемқорлыққа жол бермей, лауазымды тұлғалардың шағын және орта бизнеске заңсыз қатысуына жол бермеу.

«Бюджеттік қаражатты жымқыру мен пара алу деректері көбейген. Сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны көбейген. Олардың ішінде «Астана-ЭКСПО-2017″ АҚ бұрынғы басшысы, Ұлттық экономика министрлігінің көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы, ІІМ департаментінің басшысы, Астана қалалық Әділет департаментінің басшылары, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар, Астана қалалық нотариалдық палатаның өкілі, Жамбыл облысының ҚАЖД басшысы, Маңғыстау департаментінің табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы мен оның орынбасары», — деп келтірді мәліметтерді Қайрат Қожамжаров.

Сонымен қатар, алқа отырысында жарты жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілердің жемқорлардан 13 миллиард теңге көлеміндегі мүліктерін тәркілегені айтылды. «Тәркіленген мүліктердің ішінде 700 дана автокөлік, 170 жылжымайтын мүлік, 50-ден аса жер учаскесі бар. Сондай-ақ, жемқорлардан төрт миллиард теңгеге жуық ақша алынды», — делінген хабарламада. Айта кетейік, барлық тәркіленген мүлік мемлекеттік табыс органдарына өтеді.

ДереккөзTengrinews.kz