Еліміздің бірқатар өңірінде төтенше ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, бүгін — 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнайды. Астанада да найзағай ойнап, солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с-қа жететін жел соғады.
11-12 қыркүйекте түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, 12 қыркүйекте түнде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), 1-3 градус ызғар болады. Астанада түнде 11 қыркүйекте аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, топырақ бетіне 3 градус ызғар түседі.