Нұрсұлтан Назарбаев түсінде не көретінін айтты

Президент металлургия өзінің қаны мен сүйегіне сіңіп кеткенін айтты.

Назарбаев Теміртауда
Фото: Аkorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының металлургтарымен кездесуде қандай түс көретінін айтып берді.

Біз бәріміз бірге металлургпыз және бір партиядамыз. Біз елге және халыққа қызмет етеміз. Мен, тіпті, үнемі түсімде де домна пешінің ошағында тұрғанымды көремін. Тіпті, соңғы уақытта да түсіме кіреді. Осылай қан мен сүйекке сіңіп кеткен бұл. Бұл оңай жұмыс емес. Мұнда таза ауа жоқ. Сонда да біз жұмысымызды жақсы көреміз, солай ғой? – дейді Нұрсұлтан Назарбаев Instagram-да AkordaPress жариялаған видеода.

Өзімді қара металлургияға арнадым деп ойлап, басқа жұмысты елестете алмайтынмын. Президент боламын деп ойлаған емеспін. Бірақ осылай болды. Өмір солай қылды, – деді Президент.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында “АрселорМиттал Теміртау” АҚ-ның домна цехын аралап көріп, металлургтармен әңгімелескен еді. Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы мәдениет және демалыс саябағында замандастарымен жүздесіп, Қарағандыда некелесіп жатқан жас жұбайларды да құттықтады. Одан бір күн бұрын облыс орталығындағы жаңа құрылыстармен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңес өткізді.