Алматыдағы «Заря Востока» мешітінде діни қатынастар және діни экстремизмге, терроризмге және басқа да теріс пиғылдағы ағымдарға қарсы іс-қимыл заңнамалары түсіндірілді.
«Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында іс-шараға мешітке келетін 30-дан астам адам қатысты.
Шараның мақсаты — мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру ғана емес, сонымен бірге діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың маңызын тұрғындармен бірге талқылау.
«Перспектива» тобы мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұруға бағытталған шаралары туралы әңгімеледі.
Осы мәселеге қатысты дінтанушы, ислам дінін зерттеуші, PhD докторы Құдайберді Бағашаров, дінтану магистрі, PhD докторанты Мырзахмет Жузей баяндама жасады.
Қатысушылар мен мамандар өзара пікір алмасты. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қары-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды.