Бердібек Сапарбаев

«Әкім бол, халқыңа жақын бол»  ұстанымымен жұмыс жасайтын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қарамағындағы шенеуніктер мен қытайлық инвесторлардың «шаңын қағып» жатқанын талай көріп, халық арасындағы «Қара халыққа да мұндай жақын әкім болады екен-ау» дегені әңгімені талай естігенімізді “ҚАЗАҚ” газетінің өткен сандарының біріндегі “Саяси портрет” айдарында жазғанымызды көкірегі ояу, көзі қарақты оқырмандарымыз жақсы біледі (Қараңыз: “Шенеуніктердің “шаңын қағатын” әкім”, №20-21).

“Ақтөбе ақпарат” орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұнай кенішін бұрғылаумен айналысатын қытайлық “Ұлы қорған” компаниясының вице-президенті Мэнь Лянькумен кездесті. Екіжақты әңгіме барысында облыс әкімі қазақ жұмысшыларын қысқартпай, басқа шығындарды үнемдеуге кеңес берді.

Бердібек Мәшбекұлының айтуынша, компания басшылары қаражат үнемдегісі келсе іс-сапарлар санын қысқарту керек. Өйткені, компанияда жұмыс істейтін шетелдік мамандар өз отандарына жиі қатынайтын көрінеді. Сондай-ақ, компания қосалқы бөлшектерді Қытайдан сатып алады екен. Әкімнің пікірінше, бұл да компания үшін қосымша шығын болып отыр.

“Қазір үнеммен өмір сүру керек. Шетелдік мамандарды біздің елге тарту мәселесін қатаң қадағалайтын боламыз. Біз қазір өз азаматтарымызды жұмыспен қамтуымыз қажет. Компания 15 жыл бойы мол табыс тауып келді. Сондықтан, қазіргі дағдарыс уақытында құрылтайшылары қолдау көрсетіп, несиені төлеу уақытын созу керек. Қажет болса жарғыға өзгеріс енгізіп, өзге де қызмет түрімен айналыссаңыздар болады”, – деді Сапарбаев кездесу барысында.

10 шілде күні “Ұлы қорған” ЖШС жұмысшылардың санын қысқартпау мақсатында мемлекеттік органдармен бірлесе арнайы ұсыныстар әзірлеуі тиіс.

Осындай ұлт қамын жеген қызметі үшін Бердібек Мәшбекұлы халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Былтыр Ақтөбенің барлық аудан, ауылын галстуксіз аралаған, жергілікті шенеуніктерге орынды сын айтқан, керек кезде ұрысып тастаған, базардағы бағаны да өзі тексерген, мемлекеттік тілді қорғаған, халықпен бірге қоғамдық көлікпен жүрген Бердібек Сапарбаевты расында да еңбекқор әкім санайтындар өте көп. Ал, халық айтпайды, халық айтса, қалт айтпайды емес пе?

7 пікір

  1. Жарайсын Бердібек мырза ! Өз азаматтарымызды қуантыңдаршы .Ойласам жүрегім қарс айырылады.Алла разы болсын .Жоқтарды жебей жүргенге не жетсін.

    • солай ма, бос айкай ма? тобелестен кейин кол сермемейди де

  2. Аллах Бердібек ағамызға разы болсын, Халқы үшін жасаған жақсылықтарынын жемісін өзіне, үрім бұтағына берекелі етсін Аумин

  3. ААқтөбеде тоғыз мыңға жуық қытаилықтар жұмыс жасаиды Қазіргі елдегі жағдайды оның ішінде Ақтөбедегі ескеріп оларды елу пайызга қыскарту керек Быраз жұмыссыздық мәселесі шешіліп қалар еді Ешкім дұрыстап контракт оқымайды Онда жергілікті мамандарды әзірлеп шетел мамандарын ауыстыру көзделген

  4. Біз,Шығыс Қазақстандықтар Бердібек Мәшбек ұлының мұндай жақсы бастамаларына талай куә болғамыз.Әттең,бізден алып кетті,әйтпегенде әлі талай істер атқарылар еді.Деген халық үшін жаралған жан ғой.Алланың нұры жаусын бұл адамға.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!