ҰБТ мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру басталды

Бүгін, 15 тамызда Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді қайта тапсыру басталды.

Тестті қайта тапсырғысы келгендер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында өтініш берді. Олардың саны — 40 718. Түлектердің жартысынан көбі (66%-ы) ҰБТ мен кешенді тестілеуді қазақ тілінде, 33%-ы – орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірді.

ҰБТ-ның қайта тапсырылу себебі

  • Ұпай санының шектік балға жетпеуі
  • ҰБТ нәтижесінің жойылуы
  • Талапкердің ҰБТ мен КТ-ге қатыспауы

Қайта тестілеуден өту ақысы – 2 242 теңге — «Қазпошта» немесе «Халық банкі» арқылы төленуі тиіс.

Бес пән бойынша сұрақтарға толық білім беретін бөлімде оқығысы келетін 18 500 адам жауап береді, ал қысқартылған бағдарлама бойынша білім алғысы келетін 22 218 адам екі пәннен ғана емтихан тапсырады.

Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу 5 күн бойы – 15-19 тамыз аралығында – 40 ЖОО базасында өтеді.

ҰБТ мен кешенді тестілеудің қайта тапсыру апелляциясы

Апелляцияға өтініш тест қорытындысы шыққаннан кейінгі келесі күні сағат 13:00-ге дейін қабылданып, бір күнтізбелік күн ішінде қаралады. Талапкер апелляциялық комиссия отырысына келмесе, оның өтініші қаралмайды.

ҰБТ-ны қайта тапсыру мен кешенді тестілеу қорытындысы

Қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.

ДереккөзZakon.kz