Айжан Байзақова

@bayzakovaaizhan

Айжан Байзақова
Фото: Brod.kz

Instagram парақшасы бұғатталған соң Байзақова Telegram-канал жүргізуді бастады. Алғашқы жазбасын биылғы жылдың 3 қаңтарында жариялаған блогерді қазір 100 мыңға жуық адам оқиды. Telegram-да кері байланыстың жоқтығы Айжанның оң жамбасына келіп отыр. Ол өзінің каналында түрлі суретін жариялап, оқиғаларын баяндайды. Оқырмандардың жағымсыз пікірлерінен жалыққан жас блогер Telegram-канал жүргізуді ыңғайлы көреді. Байзақованың арнасына жазылушылардың саны күн санап артып келеді.

«Мәселе мынада — мен бостандықты және өз таңдауымды жақсы көремін. Сондықтан достарым өте аз. Мен ешқашан өзім жақсы көретін нәрсені өзгелердің талқылауына жол бермеймін. Ақылға қонымсыз, дұрыс емес нәрсе болса да мен оны соңына дейін апаруыға тырысамын», — деп жазады ол өзінің Telegram-каналында.

Нағима Ахметова

@nagigram

Нағима Ахметова
Фото: Tengrinews.kz

Нагимуша деген есіммен танымал болған вайнер Instagram-да ғана емес, Telegram-да да танымал. Бірақ мұнда видеоларды емес, қыздарға арналған әңгімелерін, басынан өткен оқиғаларын жариялайды. Нагимушаны қазірдің өзінде 40 мыңнан астам адам оқиды.

Ержан Рашев

@yrashev

Ержан Рашев и Джулиана
Фото: Buro247.kz

Ержан Рашевтің Telegram-каналы санқырлы. Онда әйелі Джулиана Карузо туралы, әлемге саяхат, криптовалюта, қоғам мен саясат туралы сыни жазбалары да бар. Биыл блогер «Балкондағы адам» кітабын шығарды. Ержан Рашевтің  Telegram-каналында 40 мыңға жуық оқырманы бар.

Бейбіт Әлібеков

@alibekovkz

Бейбіт Әлібеков
Фото: Nespi.kz

Telegram-каналын ашқан соң Бейбіт Әлібеков Facebook пен Instagram-ды екінші орынға ысырып, ең маңызды ақпараттарын алдымен осында салатын болды. Оның каналынан қала жаңалықтары, бизнес саласы бойынша ақыл-кеңес, түрлі тақырыптағы сауалнамаларды оқуға болады. Тіпті, тұрақты жүргізіп отыратын айдарлары да бар. Оның каналындағы оқырмандарының саны 30 мыңға жуықтады.

Айсәуле Бақытбек

@icyyyy

Айсәуле Бақытбек
Фото: Hommes.kz

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек анасының жолын қуып, шоу-бизнес саласында танымал бола бастады. Оның Telegram-каналында 25 мыңға жуық оқырман бар. Holanews.kz порталының қожайыны Telegram-да өмірінің кейбір сәттері мен эмоциялары туралы жазады.

Ләйлә Сұлтанқызы

@sultankyzy

©instagram.com

Қазақ қолданушыларының арасында танымал тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызының Telegram-каналы да көп оқылады. Ләйла Сұлтанқызы үшін кері байланыс, қоғамдық пікір маңызды екенін жиі сауалнама жүргізуінен байқауға болады. Оның каналында 10 мыңға жуық оқырман бар.

Нұрлан Байділда

@baidilda

Нұрлан Байділда
Фото: 365info.kz

Нұрлан Байділданың есімі көпшілікке тендер бойынша сарапшы ретінде танымал. Соңғы кездері Абайды мойындамайтын қазақ ретінде аты шықты.

Оның: «Абай біздің заманымызда өмір сүрсе, әрі кетсе блогер болар еді» деген сөзі көп адамның ашуын келтіріп, желіде талқыланған тақырыптардың бірі болды.

Алайда бизнес-тренердің 10 мыңға жуық оқырманы одан теріс айналған жоқ, қолданушылар оның каналынан кәсіпкерлік пен табысты болуға қатысты пайдалы ақпарат алуға тырысады.