Жиынға теологтар, дінтанушылар мен заң саласының қызметкерлері қатысты. Олар шара барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жайлы және Алматы Дін істері басқармасының жұмысымен танысты. Сонымен қатар жалған діни ағымдардың жетегінде кеткендердің зардаптары жайлы «Цена выбора» көрнекі видеоматериалын тамашалады.
Бұдан бөлек, мамандар қатысушыларға Қазақстан терроризмге қарсы күрестің алдын-алу аспектілеріне, зорлық-зомбылық көріністерінде экстремизмге қарсы тұрудың шын мәніндегі маңызды мәселесіне әлемдік қоғамдастықтың үлкен назарын аударғаны жайлы да еске салды.
Айта кетейік, Алматы дін істері басқармасының тапсырысымен жыл басынан бері ақпараттық-кеңес беру тобы 30 мыңнан астам адамды қамтыған 270 іс-шара ұйымдастырды.