Гидрометеорологтардың мәліметінше, 1-3 тамыз аралығында жаңбыр жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы төмендейді:
- солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7°С, +15°С, күндіз +22°С, +33°С;
- оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +12°С, °+22°С, күндіз +27°С, +35°С жылы болады;
Cонымен қатар еліміздің батысында ауа температурасы түнде +12°С, +20°С жылы, күндіз +27°С, +35°С жылы болады деген болжам жасалды.
Республиканың басым бөлігінде жылы ауа массасының шығуымен ауа температурасының көтеріледі:
- солтүстік бөлігінде күндіз +30°С, +35°С дейін жылы;
- оңтүстік бөлігінде күндіз +33°С, +38°С дейін, жеке аудандарда +40°С дейін жылы болады.
Алдын ала болжамға сәйкес, суытудың кезекті толқыны екінші онкүндіктің екінші жартысында және үшінші онкүндіктің бірінші жартысында күтіледі.
Жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан төмен, тек республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығыста және оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деген болжам жасалды.