Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Шомылу маусымында қауіп-қатерден қалай сақтану керек?

Иллюстрация: Dribbble.com ©Nazım Can Tunç
Қазақстанда шомылу маусымы басталды. Биылғы шомылу маусымында қайғылы оқиғалар болмас үшін назарларыңызға төтенше жағдайлар саласы мамандарының кеңесін ұсынамыз.
Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Қараңғы бата бастаған кезде жүзу құрылғыларын қолдануды тоқтатыңыз. Ал 14 жасқа дейінгі балалардың жүзу құрылғыларын өздігінен қолдануына болмайды.

Күнге қыздырынып жатып бірден салқын суға түсуге асықпаңыз. Температураның бірден өзгеруі қан тамырларының қысқаруына, ал ол талып қалуға себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар шомылу кезінде көбіне адамның сіңірі тартылып қалып жатады. Мұндай жағдайда тез арада біреуді көмекке шақырыңыз. Ешкім болмай қалса, мына әрекеттерді жасаңыз:

Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
Иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Құтқарушылар суға шомылу кезінде әр 10 қайғылы оқиғаның 9-ы адамдардың өз кінәсінен болады дейді. Ересектер өздерінің немқұрайлығынан суға кетіп жатса, балалардың суға батып кетуі ересектердің салғырттығынан болады. Тәртіп пен сақтық — судағы қауіпсіздіктің кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *