Мамандар мектептерде, жоғары оқу орындарында, емханалар мен адам көп шоғырланатын мекемелерде дәріс жүргізеді. Жыл басынан бері жалпы саны 270 түрлі шара өткізіліп, 30 мыңға жуық адам қамтылды.
Айта кетейік, 2017 жылы Алматы дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жалпы саны 86 мыңнан астам адам қамтылған әртүрлі форматтағы 512 іс-шара өткізілді.
«Әкімдіктің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес бар. Діни бірлестіктердің клубы жұмыс істейді. Диалог алаңында кездесулер арқылы қаламыздағы барша дін өкілдерімен осындай өзара сенімді атмосфераны қалыптастыра білдік деп айта аламыз», – дейді Алматы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісін атқаратын басқарма жұмысының қазіргі басты бағыттарының бірі – халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазіргі уақытта қала бойынша 17 конфессиядан (республика бойынша – 18 конфессия) құралған 179 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала бойынша 112 діни ғимарат тіркелген.