Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышаққа жығылды. Спортшыға Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысында шабуыл жасалған.
Тен Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің хабарлауынша, ол қазір жансақтау бөлімінде.
«Жедел жәрдемді оқиға куәгерлері шақырған. Ол №12 Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады дәрігерлер.