«Тұрғын үй құрылыс жинақ мәдениетінде олардың алдында тек оқытушылар, медицина қызметкерлері, бухгалтерлер, кәсіпкерлер және әскери қызметшілер тұр. Тележүргізушілер мен тілшілердің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинағының орташа сомасы 3 млн теңгені құрайды» — дейді басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Басқарма төрайымының айтуынша, 2018 жылдың алғашқы 5 айы ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 12 912 заем берген екен. Бұл жалпы қазақстандық ипотеканың 80%-і.
«Тек жұмыс күндерін есепке алсақ, күн сайын орта есеппен шамамен 130 қазақстандық қоныс тойын тойлайды екен. Олардың арасында журналистердің де бар екеніне сенімдімін. Біздің банктің клиенті атанған БАҚ өкілдері тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің артықшылықтарын өз тәжірибесінде тексеріп көріп, енді бізге отандастарымызға үй алудың қолжетімді жолдары туралы ақпаратты жеткізуге көмектесуде», — дейді Ләззат Ибрагимова.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне депозит ашуға келетіндердің орташа жасы 20 мен 30-дың арасы. Ал заем рәсімдеушілердің орташа жасы — 42. Банк арқылы баспаналы болып жатқан клиенттер мен журналистердің жартысы үйді қайталама нарықтан алғанды жөн көреді. Әдетте олар займды есеппен 6,5-7 жылға алады. Мұндай несиелер бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы 55 000 мен 82 000 теңгенің аралығын құрайды.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылғанына 15 жыл болды. Осы уақыттың ішінде 147 302 қазақстандық отбасыға баспана жағдайын жақсартуға көмектесті. Олардың 86%-і тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы пәтер алуды жөн көрсе, 6,6%-і жөндеу жұмыстарына заем алған, ал 1,8%-і үй салу мүмкіндігіне қол жеткізген.
Қазір 1 млн 118 525 адам 546,4 млрд теңгенің салымына сенім білдіріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде сақтап отыр. Бұл — Қазақстандағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 12,8%-і. Бес жыл бұрын аталған көрсеткіш 7,1%-ке тең болған. 2023 жылға дейінгі жаңа стратегияға сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі қатысушыларының үлесін 17%-ке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
2018 жылдың мамыр айында банк депозиттерді онлайн-табыстау атты жаңа сервисті іске қосты. Ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шоттарын қашықтан сатуға және сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жаңа қызметті осы уақыт ішінде жалпы сомасы 494 006 898 теңгеге депозиттер сатқан 200-ден астам адам қолданды.
Сонымен қатар, банк қазір видео-консультация жаңа қызметін іске қосты. Оның көмегімен банктің болашақ клиенттері мен қазіргі салымшылары видеобайланыс арқылы менеджерге хабарласып, депозит және несие, жаңа шарт бекіту, шот бойынша көшірме алу, постдепозиттік операциялар мен анықтама рәсімдеу туралы қашықтан кеңес ала алады. Бұдан бөлек банк менеджері аталған сервистің көмегімен сайтпен, «ЖССБ 24» интернет-банкингімен және Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталымен жұмыс істеуге көмектеседі.