Футболдан 9 команда «Жеңімпаз» кубогы үшін таласқа түседі

Ұйымдастырушылар: «Baurzhan Foundation» жеке қоры, «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның футбол федерациясы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Әлемдік үздік футбол клубтармен кездесіп танысу 6 жыл қатарынан балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қол жетімді болып келеді. «Арманыңа жақында»-балаларға өздерін шыңдауға, сонымен қатар командалық рухты қалыптастыруға керемет мүмкіндік. Ашылу салтанаты Алматы қаласында «Хан-Тенгри» стадионында қатысушы 9 команда мен ұйымдастырушылардың қатысуымен өтеді.

Чемпионат өткізіліп келе жатырған 6 жылдың ішінде 56 бала Еуропаның «Барселона», «Милан», «Бавария»,«Атлетико Мадрид», «Челси» футбол клубтарының Месси, Робен, Хави, Роналдо сынды үздік футболшыларымен жеке кездесіп, танысқан еді.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға дарындарын шыңдауға, алдағы уақытқа мақсат қоюға көмек бере отырып, Қазақстандық футболдың дамуына үлес қосу.

Өтетін уақыты: 19-22 маусым 2018, сағ: 11:00

Өтетін орны: «Хан-Тенгри» стадионы, Алматы қ. Шевченко көшесі,110 (Масанчи көшесінің қиылысы)