Астанада «ақылды» ауданның есептеуіш құрылғылары орнатылып жатыр

Астанада «ақылды ауданды» құру жобасының қатысушысы – «Вавиот Азия» ЖШС көрсеткіштерді тиісті коммуналдық қызметтерге автоматты түрде жіберу функциясы бар «ақылды» есептеуіш құрылғыларды орнатуды бастады.

Ал тұрғындар өздерінің коммуналдық шығындарын  Smart-КСК (Е-КСК) мобилді қосымшасы арқылы көре алады. Жалпы үйдің ортақ есептеуіш құралымен қатар, пәтерлердегі электр, су және газ есептеуіш құралдарын да ауыстыруда. Қазір тегін «ақылды» есептеуіш құралдар бағдарламаның алғашқы бағыты бойынша Бараев 12, 14 мекен-жайындағы пәтерлерге орнатылуда.

Бардарлама алдымен су және электр тогын есептеуіш құралдарын ауыстырудан басталды. Жалпы, «Вавиот Азия» ЖШС 124 пәтердің есептеуіш құралын ауыстырады.

Басты ерекшеліктер:

1. Коммуналдық қызметтер мен пәтер арасындабайланыс автоматтандырылады. Жаңа «ақылды» есептеуіш құралдар тұрғындардың суды немесе электр тогын, газды қанша қолданғаны туралы мәліметті тікелей коммуналды қызметтерге береді. Яғни, пәтер иесінің қатысуынсыз жүреді.

Айта кетейік, есептеуіш құрылғылары толығымен автономды және қосымша токты қажет етпейді.

2. Коммуналдық қызметтер төлеуде ашықтық;

3. Үйдің жалпы есептегіш құралына келетін есептің азаюы және есептегіш құралдың есепті дәлдікте беруі («Вавиот Азия» ЖШС орнататын есеп құралдарының қателесуі 3%, ал оның алдындағы есептегіш құралдардың мәлімет беруде қателесуі 20%);

4. Коммуналды қызмет түрлерінің шығындарын есептеуді күшейту, нәтижесінде ресурстарды тиімді пайдалану. Бұл тұрғындардың суды, электр тогын, газды пайдалануда ұқыптылық көрсетуіне сеп болады. Тұрғындар үшін барлық мәлімет Е-КСК мобильді қосымшасындағы жеке кабинетінде көрінетін болады.

Бұл қаланың ТКШ саласын цифрландыру бойынша маңызды практикалық іс-әрекеттер элементі.

«Біз барлық компанияларды осыған қатысуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, қатысу шарттары ашық, барлық қала тіршілігін жақсартуға ниет білдірушілер өздерінің өнертабыстарын ұсынса болады. «Ақылды» аудан — ол өз-өзін көрсету, таныту мүмкіндігі» делінген хабарламада.

Өтінімдер [email protected] эл.мекен-жайы бойынша немесе +7775 471 11 17 телефон арқылы қабылданады.

ДереккөзAstana.gov.kz