Маңызды емтихан алдында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 8 сағат ұйықтау жеткілікті. Бірақ ұйқы уақыты 6 сағаттан кем болмағаны жөн. Ал егер мазасыздықтан ұйықтай алмасаң ше? Мұндай жағдай орын алмас үшін тамақтану рационыңызға мән беріңіз. Егер бұл кеңес те көмектеспесе, ұйқы алдында медитация, т.б. релаксация техникаларын жасап көріңіз.
Ұйықтардан кемі екі сағат бұрын тамақтаныңыз
Адам тойып тұрған күйінде оңайлықпен ұйықтай алмайды. Егер емтиханды уайымдайтын болсаңыз, оның әсері екі есе болатынына күмәнданбаңыз. Ауыр, майлы, ащы тағамдардан аулақ болғаныңыз жөн. Мұндай тағамдарды асқазан қиындықпен қорытады. Демек, ұйықтауға да мүмкіндік бермейді.
- Ұйқы алдында аздаған тіскебасарлармен асқазанды алдаудың ұйқыға кері әсері жоқ. Себебі аш құрсақпен ұйықтау да мүмкін емес.
Ұйықтауға көмектесетін тағамдар
Газдалған сусындар, қытырлақ картоп, фаст-фуд ақылды талапкердің таңдауы емес. Дұрыс тағам Сіздің емтиханда жақсы баға алуыңызға кепіл болатынын ұмытпаңыз.
- Көк шөпті салаттар. Денсаулыққа пайдалы бұл тағамның құрамында лактукарий бар. Олар миды тынықтырады әрі тойымды, жеңіл тамақ болып есептеледі.
- Миндаль және грек жаңғағы. Бұл жаңғақтардың құрамында триптофан аминқышқылы бар. Ол гормондар жұмысына оң әсер етіп, ұйқыны (серотонин мен мелатонин) ретке келтіреді.
- Банан. Бұл жеміс жүйке жүйесіне пайдалы калий мен магний заттарына бай.
- Дәнді-дақылдар. Әсіресе сұлының құрамында мелатонинді синтездейтін В6 дәрумені (бұл дәрумен балықта көп) бар. Дақылдарды сүтпен араластырудың да денсаулыққа пайдасы мол.
- Күрделі көмірсулар. Крекерлер, күріш адам ұйқысының реттілігіне көмектеседі. Тек макарон, ұн өнімдерін, қуырлаған тағамдарды жиі пайдаланбағаныңыз жөн.
Ұйықтар алдында қандай сусындар ішпеу керек?
- Майсыздандырылған сүт. Сүт құрамында триптофанды синтездейтін қосымша триптофан және кальций бар. Майлы әрі қаймағы алынбаған сүт асқорыту жүйесіне қолайсыздық тудырады. Соның әсерінен ұйықтай алмауыңыз мүмкін.
- Түймедақ шайы. Бұл шайдың құрамында тыныштандыруға көмектесетін глицин – аминқышқылы бар. Шайға бал қосып ішсеңіз, оң әсері де көп болатынына сеніңіз.
- Бал қосылған қайнаған суды да ұйықтар алдында ішсеңіз, оянғанда жайлылық пен сергіктікті сезінесіз.
Кофеинен, темекіден алшақ болыңыз
Кофеин адам ағзасында 6 сағаттан 14 сағатқа дейін сақталады. Оның ұзақтығы жеке метаболизмдерге байланысты. Ал никотинді ағзадан шығару үшін 1 күннен 10 күнге дейін уақыт қажет. Темекі мен кофе бір сәтке сергектік сыйлауы мүмкін, бірақ есесіне энергияңызды бірнеше есе шығындайды.
Кофеинді ұйықтардан сегіз сағат бұрын ішпегеніңіз абзал.
Ұйықтататын дәрілерді шамадан тыс қабылдамаңыз
Егер ұйқсыздықтан зардап шегетін болсаңыз, табелеткаларды қолданатын шығарсыз. Ал ондай жағдай болмаса, емтихан алдында оны ішіп бастаудың өзі жақсы идея емес. Белсенді ингредиенттері бар, арнайы рецептісіз қолданылатын препараттардың басым көпшілігінің әсерінен оянғаннан кейін де шыға алмайсыз. Ал бұл сіздің емтиханды сәтті тапсыруыңызға үлкен кедергі.