2018 жылдың 1 маусымынан бастап Алматыдағы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа құны шамамен 340 мың теңге. Әрине, бұл көрсеткіш тек сатушылардың ғана емес, тұтастай алғанда нарықтың, оның элиталық, стандартты және бюджеттік пәтерлердің арақатынасын көрсетеді. Талдаушылар нарықты зерттей келе Алматыдағы пәтерлердің орташа құны шамамен 170 мың теңге болатын айтты.

Жатақханалар

Алматыда жекешелендірілген және жеке меншік жатақханалар арасынан бір-екі адамдық арзан баспана табуға болатынын жеткізді. Атап айтқанда, шамамен 5-6 миллион теңгеге кез келген ауданнан жылжымайтын мүлік сатып алуға болады, бірақ шарттар әртүрлі болады.

Ең арзан бөлмелер Әуезов, Түрксіб және Наурызбай аудандарында орналасқан. 2,5-3 миллионға жуық шамада сіз 10-15 шаршы метр бөлме сатып ала аласыз. Негізінен, бұл нысандардың құрылысы 70-80-ші жылдарда салынған.

Дегенмен, кейбір нысандарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, олардың аумағы 15-20 шаршы метр, ал бағасы 4-5 млн теңгені құрайды. Осы санаттағы үйлер – Шығыс айналмада, Ядролық физика институты және Алматы-1 станциясы маңында орналасқан.

Кейбір нөмірлер жиһазсыз сатылады және кейбір бөлмелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Қалада орналасқан екі адамдық бөлмелердің бағасы (дәретхана, душ, шағын ас үй ) бес-алты миллион теңге болады. Яғни,  бір шаршы метрдің құны 300 мың теңгені құрайды деген сөз. Дегенмен, мұндай бағадағы пәтерлерді Алмалы және Бостандық аудандарынан алуға болады.

Дәл осындай пәтерлерді қаланың орталықтарынан да  табуға болады. Алайда, бағалары қымбатқа түседі. Мысалы, бағалары шамамен 7-7,5 млн. теңге (яғни аумағы 18-20 шаршы метр болатын пәтер бағысы 370 мыңнан асады).

Мәліметтерге сүйенсек, мұндай бағадағы пәтерлерді қала шетінен де табуға болады. Әдетте олардың құны 30-40 пайызға төмен.

Шет жақта орналасқан пәтерлердің артықшылықтары:

-ескі жатақханалардың көпшілігі дамыған инфрақұрылымы бар жерлерде орналасқан;

— Қолжетімді баға және арзан қызметтер.

Кемшіліктері:

— жағдайы орташа;

— жуынатын бөлме мен асхана барлығына ортақ (кейбір объектілерде).

Қазіргі кезде салынып жатқан үйлер

Мұндай көп пәтерлі үйлер, әдетте, жеке секторда жеке жер учаскелері негізінде пайда болады. Олардың көпшілігі қалаға жақын және базарлар маңында орналасқан (мысалы, Наурызбай ауданындағы «Шұғыла», «Тастыбұлақ» ықшамаудандарының жанындағы базарлар.)

Аталмыш аудандарда орналасқан бөлменің аумағы – 20 шаршы метр. Бұндай пәтерлер әдетте жөндеуден өткен, дәретханасы бөлмеде, жиһазы бар, ал душ пен ас үйі ортақ болуы мүмкін. Бағасы 3-3,5 млн. теңге, бір шаршы метр180 мың теңгені құрайды. Алайда үйдің құрылысы мен сапасы белгісіз. Сонымен қатар, осы аудандарда 1,5 миллион теңгеге сатылатын үйлер де анықталды. Бұл Алматы қаласы бойынша ең арзан және ең кішкентай бөлме болып табылады.

Бөлменің ауданы дәретханамен бірге тоғыз шаршы метрді құрайды (бір шаршы метрге 166,6 мың теңге). Ас үй мен жуынатын бөлме барлығына ортақ. Үй туралы хабарлама берушінің айтуына қарағанда, бөлменің барлық құжаты рәсімделіп қойған. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл үйлерді жалға беру шамамен 25-30 мың теңгені құрайды. Бір шаршы метрдің құны шамамен 180 мың теңге. Егер ауданы 20 шаршы метрден асса, онда пәтерде душ немесе ванна бөлмесі бар.

Жаңа салынған үйлер: 5-8 миллион теңге тұратын пәтерлер

Бұл пәтерлерге «Солтүстік айналма», «Көкжиек», «Ақниет», «Алғабас» (КГ) «Асқар Тау» сияқты орташа деңгейдегі ғимараттарды жатқызуға болады.  Көлемі 30-40 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерлерді бес-тоғыз миллион теңгеге сатып алуға болады. «Асқар Тау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді өте арзан бағада сатып алуға болады. Яғни, 20 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтердің бағасы 4,8-5,5 млн теңге.

Сондай-ақ «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді арзан бағада алуға болады. Алайда, бұл үйлер қаланың сырт жағында, яғни Іргелі ауылында орналасқан. Бұл нысан желісі жалға-сатып алуға, мемлекеттік бағдарлама бойынша беріледі. Орта есеппен, бір шаршы метрі 200-250 мың теңгемен бағаланады.

Сондықтан да сарапшылар  жеті миллионнан астам қаражат болса, пәтер сатып алуға кеңес береді. Сарапшылардың айтуынша, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб, Алатау аудандарында және қала маңындағы жатақханалар нарығын зерттеп білу қажет. Сонымен қатар, Алматының ескі аудандарынан қамыстан жасалған үйлерді алуға болатынын да айтты. Мұндай үйлер 30 шаршы метрді құрайды және бір немесе екі адамға тұруға ыңғайлы. Артықшылығы, сұранысқа ие және бағасы арзан.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!